• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №611

348 рет
көрсетілді

2015 жылғы 7 тамыз,  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №611 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы» Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы №1040 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №66, 937-құжат). 2. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №68, 981-құжат). 3. «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі №1192 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №70, 1022-құжат). 4. «Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1765 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №7, 154-құжат).